$ 502.47  525.83  5.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Қыдырәлі Болмановтың бірінші әйелінен туған қызы»: Сатаевтың экс-әйелінің «сүйіктісі» туралы сыбыс тарады

Оның экс-әйелі танымал әншінің бірінші некеден туған қызы деген ақпарат тарады

«Қыдырәлі Болмановтың бірінші әйелінен туған қызы»: Сатаевтың экс-әйелінің «сүйіктісі» туралы сыбыс тарады
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Белгілі кинорежиссер Ақан Сатаевтың бұрынғы әйелі Назира Бақаеваның ЛГБТ мүшесіне айналып, 32 жастағы әйел адаммен көңіл жарастырып жүргені туралы сыбыс тараған. Оның жаңа «сүйіктісі» танымал әнші Қыдырәлі Болмановтың бірінші әйелінен туған қызы екені жайлы мәлімет тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

TikTok қолданушысы жұрт біле бермейтін шындықты Назира Бақаеваның «сүйіктісінің» өз аузынан естігені жайлы жазды.

«Өздері күнде эфирде отырады. Сол кезде бір-біріне ғашық екенін айтты. Ал ана қыз Қыдырәлі Болмановтың қызымын деді. Бірінші әйелінен екен. Бірақ араласпаймыз деді.

Өсек айтып нем бар. Эфирлерін көріп қалдым кездейсоқ. Сол кезде өзі айтты. Қыдырәлі Болмановтың қызымын, кішкентай қызы Айзада маған ұқсайды, менің атымды қойыпты, менің де атым Айзада деді», - деп жазды желі қолданушысы.

Айта кетейік, Ақан Сатаевтың бұрынғы әйелі туралы сыбыс тарап, жұртты таң қалдырған болатын.

Серіктес жаңалықтары