13.02.2025, 21:46
Жаңалықтар
Астанада доп теуіп жүрген ер адамның үстіне футбол қақпасы құлап, мерт болды (ВИДЕО)
Көз жұмған жігіттің 25 жаста екені айтылды
Фото: Видеодан скрин
Астанада жабық спорт кешенінде доп теуіп жүрген ер адамның үстіне футбол қақпасы құлап, көз жұмғаны жайлы ақпарат тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Желіде таралған мәліметке сүйенсек, Астанадағы «Достық Арена» спорт кешенінде болғаны айтылған. Кадрға мән берсек, қақпашы болып тұрған жігіт екі қолымен тартылып, аяғын жоғары көтере берген сәтте темір қақпамен бірге жерге құлап, астында қалды.
Ер адам оқиға орнында көз жұмғаны әрі оның 25 жаста екені айтылды.
Редакция қазіргі уақытта Астана қаласының Полиция департаментіне істің мән-жайы туралы ресми сұрау салды.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті