13.02.2025, 10:34
Жаңалықтар
Астанада боранға байланысты тасжолдар жабылды
Құтқарушылар үндеу жасады
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев
Астанада ауа райының нашарлауына байланысты қаладан шығаберіс тасжолдар жабылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚР ТЖМ мәліметінше, бұрқасын, екпінді жел, көрінудің 50 метрге дейін шектелуіне байланысты барлық көлік түрі үшін қозғалыс жабық.
- «Астана-Ерейментау-Шідерті» а/ж 16-200 км., (Астана қаласы – Павлодар облысы шекарасы). Ұзындығы – 184 км;
- «Екатеринбург-Алматы» а/ж (1291-1353 км.), (Жібек жолы а.- Қарағанды облысы). Ұзындығы – 62 км.
«ТЖМ қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді. Дауылды ескерту жариялаған кезде, әсіресе қараңғы уақытта алыс жолға шықпаңыз, жаяу жүрмеңіз.
Ауа райы жағдайы мен автожолдардағы көлік қозғалысының шектеулері туралы ақпаратты бақылаңыздар!» - деп жазды ҚР ТЖМ.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
