$ 506.43  522.43  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Семейде шұғыл шақыртуға шыққан полиция жолда КамАЗ-бен соқтығысып қалды

Жол-көлік оқиғасына кімнің кінәлі болғаны анықталды

Семейде шұғыл шақыртуға шыққан полиция жолда КамАЗ-бен соқтығысып қалды
Фото: Polisia.kz

Семейде шұғыл шақыртуға шыққан полиция жолда КамАЗ жүк көлігімен соқтығысып қалды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Патрульдік полиция батальонының экипажы Би-Боранбай көшесінде патрульдеу барысында отбасылық жанжал жөніндегі шақыртуға бара жатқан кезде қызметтік көлік жүк көлігімен соқтығысқан.

«Алдын ала мәліметтерге сәйкес, КамАЗ жүргізушісі жанармай құю бекетінен шыға отырып, маневрдің қауіпсіздігіне көз жеткізбеген, соның салдарынан жол апаты болған.

Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер жоқ. Бұл оқиға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаудың маңыздылығын тағы бір рет еске салады. Қазіргі уақытта жол апатының мән-жайы анықталып жатыр», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары