21.01.2025, 11:59
Жаңалықтар
Қарағанды облысында жолаушылар мінген автобус қатты желден аударылып қалды (ВИДЕО)
Оқиға бүгін сағат 9 шамасында болды
Фото: Видеодан скрин
Бүгін таңертең Қарағанды облысындағы тас жолда ішінде жолаушылар мінген автобус аударылып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Төтенше жағдай 21 қаңтар күні таңғы 9 шамасында Бастау – Ақтау – Теміртау тасжолында болды. №84 бағыттағы автобус Ботақара-Қарағанды бағытында келе жатып, бір сәтте аударылып, жолдан шығып кеткен.
«Алдын ала болжам бойынша, оқиғаға қатты жел себеп болған, соның салдарынан автобус орнықтылығын жоғалтып, бір шетке аударылып кеткен. Оқиға кезінде салонда 17 жолаушы болған», - деп хабарлады облыстық полиция.
Жолаушылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Полицейлер оларға көмекке келіп, адамдарды құтқарып, үйлеріне жеткізді.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті