$ 527.58  546.15  5.29
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматы облысында 19 зертхана жойылып, 7 тонна есірткі тәркіленді (ВИДЕО)

Тергеу барысында ірі есірткі желісін ұйымдастырушылар мен сатушылар ұсталды

Алматы облысында 19 зертхана жойылып, 7 тонна есірткі тәркіленді (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Алматы облысында 7 тонна есірткі тәркіленіп және 19 есірткі зертханасы жойылды, 77 адам сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, барлығы 223 қылмыстық іс тіркелді. 19 есірткі зертханасы жойылып, заңсыз айналымнан 7 тоннадан астам есірткі заттары тәркіленді, оның ішінде:

  • 216 кг синтетикалық есірткі;
  • 10 кг кокаин;
  • 0,77 кг героин;
  • 90-нан астам адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 77 адам сотталды.

«Сонымен қатар, Талғар ауданында «Альфа-PVP» есірткісін өндіретін зертхана жойылып, 350 литр дайын өнім мен 765 литр прекурсорлар тәркіленді.

Тергеу барысында ірі есірткі желісін ұйымдастырушылар мен сатушылар ұсталды.

Тағы бір жағдай бойынша, 2024 жылдың қаңтарында Еңбекшіқазақ ауданы аумағында ірі есірткі зертханасының заңсыз әрекеті тоқтатылды. Ресей Федерациясынан келген синтетикалық есірткі өндірумен айналысқан 2 күдікті анықталып, ұсталды. 8 кг дайын есірткі және оларды өндіруге арналған 2 тоннадан астам прекурсорлар тәркіленді. 2024 жылдың қазан айында сот үкімімен екі кінәлі 10 жылға бас бостандығынан айырылды», - делінген прокуратура хабарламасында.

Есірткі қылмыстарының алдын алуға ерекше көңіл бөлінді. Жоба аясында прокуратура полиция қызметкерлерімен, коммуналдық қызметтермен және 5000-нан астам еріктімен бірлесіп, рейдтік іс-шаралар ұйымдастырды. Нәтижесінде:

  • 1071 есірткі жарнамасы (граффити) анықталды;
  • 9 сотқа дейінгі тергеу басталды;
  • 11 көлік-логистикалық компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды;
  • есірткі қылмыстары туралы анонимді хабарламаларға арналған Telegram-ботіске қосылды;
  • есірткі қылмыстары үшін де сотталған жастардың тағдыры туралы «Қабырға артындағы балалық шақ» атты деректі фильм түсірілді.

Аталған фильм білім беру мекемелерінде белсенді көрсетіліп, әлеуметтік желілерде 1 млн астам қаралым жинады, бұл оның қоғам тарапынан оң қабылданғанын дәлелдейді.

Облыс прокуратурасы бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыруда.

Серіктес жаңалықтары