21.01.2025, 12:47
Жаңалықтар
СҚО-да екі апта бұрын жоғалып кеткен ер адамның денесі кілемге оралған күйінде табылды
Екі күдікті қолға түсті
Фото: istockphoto.com
Петропавлда екі апта бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен ер адамның мәйіті кілемге оралған күйінде табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
CMN мәліметінше, 47 жастағы ер адам 6 қаңтардан бері із-түзсіз жоғалғандар тізімінде болған. Арада екі апта өткенде оның денесі Петропавлда табылды.
Жоғалған ер адам 19 қаңтарда жалдамалы үйдің ауласында өлі күйінде табылды. Арқасы мен мойнында пышақ жарақаттары бар мәйіт кілемге оралған.
Белгілі болғандай, ер адам 6 қаңтарда өлтірілген. Екі танысы жанжал кезінде бөтелкелесін пышақтап өлтірген. Қылмысты жасыру үшін олар мәйітті қарға көміп тастаған.
Полицейлер Петропавлдың 30 және 70 жастағы екі тұрғынын ұстады.
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
