$ 527.23  544.05  5.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түркістан облысында мал ұрлаумен айналысқан 40 адам ұсталды

Жедел-іздестіру және алдын алу іс-шараларының нәтижесінде 2024 жылы өңірде қылмыстық құқық бұзушылықтар саны 16,8 пайызға төмендеді

Түркістан облысында мал ұрлаумен айналысқан 40 адам ұсталды
Фото: istockphoto.com

Бір жылда криминалдық полиция мал ұрлаумен айналысқан 16 топты жойып, 40 күдіктіні құрықтады. Ұрланған 791 мал иелеріне қайтарылды,  деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

«Келес ауданында жедел уәкілдер жалпы сомасы миллион теңгеден асатын мал ұрлығының үш фактісіне қатысы бар төрт күдіктіні ұстады. Мал ұрлаушылардан ұрланған үй жануарларының бір бөлігі және ГАЗель тәркіленді. Сонымен қатар ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес қызметкерлері қылмыстық топтардың 13 қатысушысы мен көшбасшысын ұстады» , –  делінген Polisia.kz таратқан ақпаратта.

Жалпы аталмыш басқарма полицейлері 117 қылмысты анықтады, оның ішінде 17 бопсалау фактісі, 34 қару және есірткі сақтау фактісі, үш өз бетінше жер қойнауын пайдалану дерегі және үш заңсыз көші-қонды ұйымдастыру фактісі бар. 21 қару, 500-ден астам оқ-дәрі, екі келіге жуық есірткі затын тәркіледі. 

Серіктес жаңалықтары