05.01.2025, 23:16
Жаңалықтар
Қазақстанның басым бөлігінде боран болып, тұман түседі
Төтенше жағдай қызметі бірнеше облыста дауылды ескерту жариялады
Фото: istockphoto.com
Синоптиктер болжамынша еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, боран болады. Қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Астана, ШҚО, Жетісу, Түркістан, Павлодар және Қызылорда облыстарында тұман түсуі ықтимал.
СҚО, Қостанай және Ақмола облыстарында боран соғып, көктайғаққа ұласады. Тұман түсіп, қатты жел соғуы ықтимал.
Көктайғақ пен тұман Алматы, БҚО, Маңғыстау, Жамбыл және Атырау облыстарында да болады.
Ақтөбе облысында боран, көктайғақ және тұман түсуі мүмкін.
Алматы облысында көктайғақ күтілуде.
Абай облысында тұман түсіп, боран соғуы мүмкін.
Көп оқылған
14.10.2026, 10:03
Карантин ене ме: Павлодарда оқушы туберкулез жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түсті
14.10.2026, 09:53
«Таңғы жетіде бойжеткенге интим ұсынған»: Астанада inDrive такси жүргізушісі сотталып кетті
14.10.2026, 15:49
Қар аралас жаңбыр жауып, үсік жүреді: Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт бұзылады