Әзербайжан ТЖМ қазақстандық құтқарушыларды марапаттады
9 адам құрметке лайық деп танылды
Әзербайжан Республикасының ТЖМ Ақтауда болған ұшақ апаты кезінде жолаушыларды құтқару операциясына қатысқан қазақстандық мамандарды марапаттады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ақпарат агенттігі аталған шетелдік ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Баку-Грозный бағыты бойынша бет алған «Әзірбайжан авиакомпаниялары» ЖАҚ ұшағының апатқа ұшырауына байланысты 2024 жылғы 25 желтоқсанда жүргізілген құтқару операциясына қатысқан ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлерінің тобы марапатталды» - делінген Әжербайжан ТЖМ таратқан ақпаратта.
Министр қол қойған тиісті бұйрыққа сәйкес, төменде аты-жөні көрсетілген қазақстандық құтқарушылар "Ынтымақтастық үшін" төсбелгісімен марапатталды:
- Сейталин Азамат Серікұлы
- Аминов Тимур Владимирович
- Айдаров Кани Манапұлы
- Қараев Саясат Мұсаұлы
- Кенжеғалиев Мәжит Серікбайұлы
- Кулханов Әзімбек Шиндаулетұлы
- Күзембаев Ербол Ахметұлы
- Меңдібаев Наурызбекранұлы
- Нұғыманов Ардақ Қойшыбекұлы
- Тілеубергенова Айман Минбайқызы