Ұлттық банк өткен айда қанша доллар сатылғанын хабарлады
Ұлттық банк мәлімдеме жасады
Желтоқсанның соңында теңге бағамы 2,5%-ға әлсіреп, бір АҚШ долларының құны 525,1 теңгеге жетті. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл ретте Қазақстан қор биржасында бір айдағы орташа күндік сауда көлемі 262-ден 254 миллион АҚШ долларына дейін төмендеді. Сауданың жалпы көлемі 5,3 млрд АҚШ долларын құрады.
«Желтоқсан айында республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін Ұлттық қордан шетел валютасын сату 900 млн долларды құрады. Ұлттық қордан түскен сату үлесі жалпы сауда көлемінің 17 пайызын немесе күніне шамамен 43 миллион АҚШ долларын құрады», - делінген хабарламада.
2025 жылғы қаңтарда республикалық бюджетке трансферттерді бөлу бойынша үкіметтің алдын ала болжамдық сұраныстарына сәйкес Ұлттық банк Ұлттық қордан 750 миллионнан 850 миллион АҚШ долларына дейінгі сомаға валюта сатуы мүмкін.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) валюталық активтердің үлесі 2024 жылдың аяғында 40%-дан сәл жоғары. Желтоқсанда Ұлттық банк зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі үшін АҚШ долларын сатып алған жоқ. 2025 жылдың қаңтарында БЖЗҚ-дан валюта сатып алу жоспарда жоқ.
Сол сияқты ішкі валюта нарығында ұсынысы шектеулі экономикалық агенттер тарапынан шетел валютасына сұраныстың артуы сақталды.
Тұрақсыздандыратын ауытқулардың алдын алу, теңге бағамының шектен тыс құбылмалылығын тегістеу және жекелеген кезеңдердегі шетел валютасының ұсынысын қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық банк желтоқсанда валюталық интервенциялар жүргізді. Айдың соңында шетел валютасын сату көлемі 307,6 млн АҚШ долларын құрады.