03.01.2025, 02:20
Жаңалықтар
СҚО-да жаңа жыл дастарханында ер адам үйіне келген қонағын атып өлтірді
Күдіктінің 41 жаста екені анықталды
Фото: freepik.com
Солтүстік Қазақстан облысындағы ауылдардың бірінде үй иесі жаңа жылдық кешке келген қонағын атып өлтірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қайғылы оқиға 1 қаңтар күні кешке Жамбыл ауданы Пресновка ауылында болған. Полицейлер кісі өлтірді деген күдікпен 41 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.
«Кісі өлтіру оқиғасы бірге ішімдік ішу салдарынан болған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, олардың мәліметінше, қылмыс орнынан тіркелмеген шолақ мылтық тәркіленген. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді