02.01.2025, 23:24
Жаңалықтар
Қазақстанның біраз облысында дауылды ескерту жарияланды
Синоптиктер ауа райы болжамын жариялады
Фото: istockphoto.com
Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның бірқатар аймағында боран, тұман, жауын-шашын және көктайғақ болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өскеменде бұрқасын болып, екпіні 15-20 м/с болатын жел соғады.
Қарағанды мен Қарағанды облысында көктайғақ, жаңбыр аралас қар жауып, бұрқасын болуы мүмкін.
Орал мен Батыс Қазақстан облысында тұман, жел күшейіп, көктайғақ күтіледі.
Атырау, Ақтау, Қызылорда қалаларында, Маңғыстау, Атырау, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Ақтөбе, Семей, Қостанай, Ақтөбе, Ұлытау облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болып, екпіні 15-20 м/с жел соғады.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
