$ 526.11  542.31  4.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Горилла ішкеннен кейін асқазаны тесілген»: дәрігер адам шошырлық жағдайды айтты (ВИДЕО)

Ақхалатты маман энергетикалық сусынның зияны туралы айтып, кезекті рет ескертті

«Горилла ішкеннен кейін асқазаны тесілген»: дәрігер адам шошырлық жағдайды айтты (ВИДЕО)
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Желіде ақхалат киген дәрігердің ота жасайтын бөлімде түсірген видеосы жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Дәрігер адам шошырлық жағдай туралы айтып, энергетикалық сусынның зияны туралы кезекті рет ескертті.

Желіде таралған видеода энергетикалық сусын ішкен адамның асқазаны тесілгені туралы жазылған.

«Таңертең 16 жастағы бала жедел іштің ауырсынуымен түсті. Өзінің айтуынша, жаңа жыл түні екі горилланы (энергетикалық сусын) қатарынан ішкен. Одан іші бір күн ауырған. Содан бізге қабылдау бөліміне келіп қаралды. Науқасқа жедел түрде ота жасадық. Рентгенге түсірдік. Онда ауа жиналып, бауырға әсер еткені де байқалады. 47 минут операция жасадық. Ота сәтті өтті. Горилла ішпеңіздер», - деп ескертті дәрігер.

Серіктес жаңалықтары