$ 527.3  544.86  4.95
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанның 10 облысында дауылды ескерту жарияланды

Еліміздің басым бөлігінде боран болуы ықтимал

Қазақстанның 10 облысында дауылды ескерту жарияланды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Синоптиктер болжамынша, ертең республиканың басым бөлігінде көктайғақ болып, тұман түседі. «Казгидромет»  10 облыста дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

2 қаңтарда Қарағанды облысы, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, Қызылорда облысының басым бөлігінде боран, көктайғақ, тұман болуы ықтимал.

Түнде Ұлытау облысында қарлы боран болады деп күтілуде.

Еліміздің орталық, оңтүстік, шығыс аймақтарында, Ақтөбе облысының батысында боран болып, көктайғаққа ұласады.  

Астанада қар, боран, көктайғақ болып, тұман түсуі ықтимал. Оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні түнде 15-20, таңертең секундына  25 метрге жетеді.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болуы мүмкін. Синоптиктер болжамынша түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман түседі.  

Абай, Шығыс Қазақстан облыстарында қарлы жаңбыр, боран, көктайғақ болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.  

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі.

Ақмола облысында қарлы боран, тұман, жолдарда көктайғақ болуы мүмкін.  Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20, түнде  23 метрге жетеді.

Серіктес жаңалықтары