$ 527.23  544.05  5.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

БҚО тұрғыны мас күйінде көлік жүргізгені үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылды

Ол бұл мерзімді қатаң режимдегі колонияда өтейді

БҚО тұрғыны мас күйінде көлік жүргізгені үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылды
Фото: © istockphoto.com

Батыс Қазақстан облысында жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын мас күйінде көлік жүргізгені үшін 4 жылға қатаң режимдегі колонияға қамалатын болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Мой Город» басылымына сілтеме жасап.

Прокуратура заң бұзушылықтардың алдын алу үшін көрсетілім процесін ұйымдастырды. Оған жүргізуші куәлігінен айырылған оралдықтар шақырылды. Прокурорлардың айтуынша, көлік құралын алкогольдік, есірткілік немесе токсикомандық масаң күйде басқару, сондай-ақ жүргізуші куәлігі жоқ адамға рөлді беру ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабына сәйкес 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады, әрі өмір бойы көлік жүргізу құқығынан айырады.

«2024 жылы сот шешімімен жүргізуші куәлігінен айырылғандардың рөлге мас күйінде қайта отырған 163 жағдайы тіркелген. Солардың бірі сот алдында жауап берді. Сот шешімімен ол 4 жылға бас бостандығынан айырылып, өмір бойына көлік басқару құқығынан шеттетілді», — деп жазады басылым.

Прокуратура бұл жағдайарқылы  басқа құқық бұзушыларға сабақ болып, көлік жүргізушілерінің жауапкершілігін арттыруды көздейді.

Серіктес жаңалықтары