Жаңа жыл түні Алматы облысының тұрғындары дәрігер көмегіне көп жүгінді
Жедел медициналық жәрдем пультіне 27 мың шақырту түскен
Жаңа жыл мерекесіне орай жедел жәрдем қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Республика бойынша Алматы облысының тұрғындары дәрігер көмегіне көп жүрінген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
2024 жылдың желтоқсан айының соңғы тәулігінде еліміз бойынша жедел медициналық жәрдем пультіне 27 мың шақырту түскен. 17 мыңнан астам шақырту жеделділіктің 1-3-санатына жатқызылды. Ал 4-санат бойынша жедел жәрдем бригадалары 10 мыңнан астам адамға медициналық көмек көрсеткен.
Алматы облысында 3073 адам жедел жәрдем қызметін шақыртқан. Алматы қаласында – 2800, Түркістанда – 2358 және Астанада 1942 адам дәрігер көмегіне жүрінген.
Қазақстан бойынша жедел медициналық жәрдем қызметін 20 дербес станция, 98 қалалық шағын станция және 232 аудандық бөлімше ұсынады.
Облыстық және қалалық жедел жәрдем станцияларында бір ауысымда 1 491 көшпелі бригада жұмыс істейді, МСАК ұйымдарының жанындағы жеделділіктің 4-санатындағы шақыртуларға қызмет көрсету үшін 446 бригада жұмыс істейді.