30.12.2024, 16:36
Жаңалықтар
«Өмір өкінішсіз, қиындықсыз болмайды»: Роза Әлқожа көпшілікті ойға салып қойды
Әнші өз сөзінде биылғы қиындықтары жайлы ой қозғады
Фото: Instagram/roza_alqozha
Әнші Роза Әлқожа желіде жазба жариялап, өтіп бара жатқан 2024 жыл жайлы ойын білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол өз сөзінде алдағы жылдан күтер жақсылық көп екенін тілге тиек етті.
«Жыл аяқталып жатыр, ә?! Барлық қызық-қуаныш үшін рахмет, 2024! Әрине, өмір өкінішсіз, қиындықсыз болмайды. Бірақ шырғалаңынан шаттығы көп болды.
Аты айтып тұрғандай карма жылы – тазару, жаңару, жаңғыру жылы болды, шүкір! Үйде де, сапарда да, сахнада да елеулі істер ішінде жүрдік.
Алдағы жылдан күтер айбынды сәттер көп. Аяулы, әзиз ғұмырды абыройлы жандармен ұмытылмастай өткізе беруге жазсын! Еліміз аман, жеріміз аман болсын!» - деп жазды әнші Роза Әлқожа.
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді
25.09.2026, 10:39
Каспий теңізіндегі әскерилердің қазасы: соңғы екі сарбаздың мәйіті табылды (ВИДЕО)
25.09.2026, 11:52
Алматы тауларына қыркүйекте қар жауды (ВИДЕО)