30.12.2024, 15:57
Жаңалықтар
Немересін шетелде оқытпақ болған әжей алаяқтарға 18 млн теңгесін аударып жіберген
Ол 18 млн теңгесінен айырылып қалды
Фото: istockphoto.com
Астанада немересін өзге елде оқытпақ болған 58 жастағы зейнеткер шет мемлекеттерге оқытуды ұйымдастыратын қызмет орталығына алданып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полиция департаментінің мәліметінше, жәбірленуші немересінің армандарын орындаймын деп қателікке жол берді. Күдікті оқуға баратын бес шет мемлекетін ұсынып, өз есеп шотына ақшаны аудартып алады. Шығын көлемі – шамамен 18 млн теңге.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Осыған ұқсас тағы 49 эпизод бар екені белгілі болды.
«Тәртіп сақшылары алаяқтардың тұрғындарды алдауға сан алуан тәсілдер ойлап табатынын және онлайн сатып алу, қызмет көрсету бойынша сақ болуды тағы бір еске салады», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
12.06.2026, 15:37
«Топтасып зорлаған»: Жамбыл облысында ақыл-есінде кемістігі бар жасөспірім қыз босанды
12.06.2026, 16:36
«Әйелім есінен танып қалды»: Жамбыл облысының тұрғыны полиция қызметкерін жұмысына дейін іздеп барған (ВИДЕО)
12.06.2026, 15:41
Түркістан облысында ұлына қымбат көлігін беріп, дүкенге жіберген әке полицияға ұсталып қалды
12.06.2026, 16:11
Біз қазіргідей жауапты сәтте «Әділет» партиясымен бірігуіміз керек – Ерлан Қошанов
12.06.2026, 23:10
Сағыз ауылының полициясы Қытай азаматының қомақты ақшасын бір сағатта тауып берген (ВИДЕО)
12.06.2026, 09:12
Алматыда 13 жастағы бала қатарласын 9 жерден пышақтап, аяусыз өлтірді