30.12.2024, 17:25
Жаңалықтар
Атырауда жедел жәрдем дәрігерлері әйелді үйінде босандырып, егіз балалармен әдемі суретке түскен
Ана мен оның егіздері қазір перзентханада
Фото: atpress.kz
Атырауда жедел жәрдем қызметіне босанғалы жатқан жүкті әйелден шақырту түскен. №9 бригада шұғыл түрде оның үйіне жеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жедел жәрдем фельдшері Эльвира Каримованың айтуынша, бригада тексеруге келгенде әйел босанып жатқан. Сондықтан фельдшерлер дереу іске кіріскен.
«Бірден әйелді босандыра бастадым. Алдымен қыз дүниеге келді, мен баланың кіндігін кескенде, босанған әйел оның егізі бар екенін айтты. Қатты абдырадым, себебі 11 жылдық тәжірибемде бірінші рет осындай жағдай болды»,-дейді Эльвира Каримова.
Олар әйелді аман-есен босандырып алған. Жедел жәрдем егіз балаларын құшағына алған анасын дереу облыстық перзентханаға алып барған.
Көп оқылған
10.10.2026, 08:29
«Куәгер болған»: Ақмола облысында дәрігер өз-өзіне қол жұмсады
10.10.2026, 20:17
Күніне 30–40 мың теңге таппақ болған жасөспірім 5 жылға сотталып кетті
10.10.2026, 15:12
Түркияда 15 жасқа дейінгі балалар енді әлеуметтік желі пайдалана алмайды
10.10.2026, 10:08
Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды
10.10.2026, 10:31
Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына 7 миллион адам қатысты