$ 530.24  543.97  5.16
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атышулы трансгендер Амилай түрмеде ауру жұқтырып алған

Ол енді дәрігерге жазылып, емделмекші

Атышулы трансгендер Амилай түрмеде ауру жұқтырып алған
Фото: Instagram/amilai_vip

Түрмеден шыққан танымал трансгендер Амилай Баймұратова ауру жұқтырып алғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Ryhy.

«Мені 7 күнге емес, 15 күнге қамайды деп ойладым. Сотта 7 күн дегенде қуанып кеттім. Себебі 15 күн тым көп. Онда маған ешкім тиіспеді. Керісінше, ол жақта патшайым болып жүрдім. Конъюнктивит жұқтырып, тамағы ісіп жатыр. Ол жақта жарық аз, кітап оқығаннан көзім осындай болған сияқты. Көз дәрігеріне жазылдым. Енді емделемін», - дейді ол.

Еске салсақ,осыған дейін полиция ұсақ бұзақылық үшін Амилайдың үстінен іс қозғады. Сотта Амилай өзінің кінәсін мойындады және болған оқиғаға өкінетінін айтты. Алайда танымайтын жігіттер оны бірінші болып қорлап, балағат сөздер айтқанын да жеткізді. Нәтижесінде трансгендер жеті тәулікке қамауға алынды.

 

Серіктес жаңалықтары