12.12.2024, 11:45
Жаңалықтар
Атышулы трансгендер Амилай қамауға алынды
Ол өзінің кінәсін мойындады
Фото: Instagram/amilai_vip
Атышулы трансгендер Амилайдың бірнеше күн бұрын Алматыда белгісіз жігіттермен төбелесіп жатқаны туралы видео жарияланған. Ол ұсақ бұзақылық үшін істі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға 5 желтоқсан күні таңғы сағат бесте Алматыдағы Абай-Әуезов қиылысында болған. Трансгендер балағат сөздер айтып, жігіттерге жұдырық ала жүгірген, ал оның соңы төбелеспен аяқталды.
Полиция ұсақ бұзақылық үшін іс қозғады. Сотта Амилай өзінің кінәсін мойындады және болған оқиғаға өкінетінін айтты. Алайда танымайтын жігіттер оны бірінші болып қорлап, балағат сөздер айтқанын да жеткізді.
Нәтижесінде трансгендер жеті тәулікке қамауға алынды, ол 11 желтоқсанда сағат 17:50-ден бастап есептелінеді.
Көп оқылған
17.05.2026, 07:29
Синоптиктер 17 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады
17.05.2026, 08:31
Қазақстан Иранға гуманитарлық көмек жіберді
17.05.2026, 06:38
Қазақстанда соңғы жылдардағы ең ерекше «Музей түні» өтеді
17.05.2026, 11:10
Алматы тауларында жағдайы күрт нашарлаған жасөспірім құтқарылды
17.05.2026, 10:33
Ақтөбеде көпқабатты үйден өрт шығып, 35 адам эвакуацияланды