Демалыс күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады
Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады

«Қазгидромет» РМК 21-23 желтоқсан күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде қар жауады.
«21 желтоқсаннан бастап Қазақстан аумағының басым бөлігіне солтүстік-батыс циклоны әсер етеді. Қар, бұрқасын және екпінді жел күтіледі. Тек еліміздің батысында 23 желтоқсанда жауын-шашын (жаңбыр, қар) және көктайғақ болады.
21 желтоқсанда күндіз Павлодар облысында, 22 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында қалың қар күтіледі.
23 желтоқсанға жақын, Батыс антициклонының жылжуымен еліміздің оңтүстігінде ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтіліп отыр», - делінген ауа райы болжамында.
Ал температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді.