Жалған айып тағылып, сотталып кеткен: қазақстандық түрмеде 10 жылдан астам уақыт отырған
Қылмыстық іс 2010 жылы болған
Жоғарғы сот зорлау және кісі өлтіруге оқталу баптары бойынша қылмыс жасады деп сотталған адамның ісін қайта қарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Іс материалдарын зерделеу кезінде мыналар анықталды.
«Қылмыстық қудалау органдары 2010 жылы болған қылмыс бойынша тағылған айыпты мойындау, Т.-ның қорғауға құқығы бар куә, сондай-ақ күдікті ретінде мойындауы, айғақтарды тексеру орнында және нақтылау хаттамасы бойынша негіздеген.
Алайда, келтірілген дәлелдемелер қарама-қайшы болып саналады. Т., қылмыстың мән-жайы, дене жарақатын келтіру тетіктері туралы әртүрлі айғақтар беріп, жәбірленушінің киген киімін сенімді түрде сипаттай алмаған. Т.-ның айғақтары сот-медициналық сараптама қорытындысына қайшы келеді.
Апелляциялық сотта Т., өз кінәсін мойындамаған, бас бостандығынан айыру орнында отырғанда полиция қызметкерлерімен кездесуден кейін кінәсін мойындау туралы хат жазғанын атап көрсеткен. Ал бұл жағдайда жазасын өтеп жатқан қылмыстық іс қайта қаралады деп ойлаған. Тергеуші оған кісі өлтіру фактісі бойынша материалдар мен қайтыс болған адамның суретін көрсеткен.
Іс бойынша мойындаудан басқа дәлелдеме жоқ. Сот үкімімен ол қылмыс жасағаны дәлелденбегендіктен, кінәсіз деп танылып, ақталды», - делінген хабарламада.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, сот алқасы ақтау үкімін, сондай-ақ жеке сот ұйғарымын күшінде қалдырып, прокурордың наразылығын қанағаттандырудан бас тартты.