Жезқазған әкімдігі мердігер компанияға аяқталмаған жұмыс үшін 451 млн теңгеден аса төлеген
Іс сотта қаралды
Жезқазған қаласында әкімдік аулаларды абаттандыру бойынша мердігер компаниямен келісімшарт жасасты. Ақша толықтай төленгенмен жұмыс аяқсыз қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Балаларға арналған ойын алаңдарын орнату үшін 39 аулаға 690 миллион теңгеге жуық қаражат бөлуге дайын болды.
Көп ұзамай, келісімшарт сомасы шамамен 490 миллион теңгеге дейін қысқартылып, орындау мерзімі 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылған.
«Мердігер 451 303 003 теңгеге жұмысты аяқтап, төледі. Алайда, тексеру барысында Жоғарғы аудиторлық палатасы мен Ұлытау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті тапсырыс берушінің іс жүзінде аяқталмаған жұмысты қабылдау және төлеу фактілерін анықтады», - деп хабарлады Ұлытау облысының прокуратурасы.
Осылайша, мердігер 3,4 миллион теңгеге қоршаулар, брусчаткалар, тартан төсеніштерін, бордюрлер, беседкалар, орындықтар мен қоқыс жәшіктерін орнатпаған, сондай-ақ басқа да жұмыстарды 2 миллион теңгеге кем орындаған.
Нәтижесінде мемлекеттік мекеме артық төленген 5,3 миллион теңгені өндіру үшін сотқа жүгінді. Талап арыз толық көлемде қанағаттандырылды.
Шешім әлі заңды күшіне енген жоқ.