$ 519.29  613.28  6.62
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Қаным қызу адаммын»: актриса Бадықова өзін сынағандарға жауап берді

Осыған дейін ол Disney-дің «Моана» мультфильмін сынға алған болатын

«Қаным қызу адаммын»: актриса Бадықова өзін сынағандарға жауап берді
Фото: Instagram/dariga_badykova

Актриса Дариға Бадықова Instagram парақшасында Disney-дің «Моана» мультфильмін сынады дегендерге жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол отандық фильмді Голливудтың өнімдерімен салыстыру мәселесін де қозғап өтті.

«Ұялмай басымды тік көтеріп айта аламын! Хейтерларды да, қуантып қою керек. Өсек айтып, жерден алып жерге салудың жүгі ауыр. Бәріне ұнауым шарт емес. Бірақ қалың көрерменге рахмет айтамын. Таптым-ау сені ұнап жатыр шынымен! Осы жолы бөлім керемет шықты, шүкір!

Одан кейін балалар мультфильмге бармасын деген жоқпын. Опшым әңгіме өрбіген кезде Голливуд жайында айттым! Өзіміздің киноны голливудпен салыстыру, әбестік емес! Сондай ойда жеткізілді. Бұрмалаудың қажеті жоқ. Өз елімнің киносына бармаңдар деген жоқпын кейібір кісілер сияқты. Мен қаным қызу адаммын есігіңнің алдындағы ит жаман десе, намыстанатын.

Хейтерларға тілерім өмірлері тыныш жақындары аман болсын. Жеті ұрпағына жететін жақсылық жасасын!» - деп жазды Дариға Бадықова.

Айта кетейік, актриса Дариға Бадықова жұртты қазақша дубляждалған мультфилмге емес, өзі түскен фильмге баруды насихаттаймын деп, басы дауға қалған болатын.

Серіктес жаңалықтары