$ 547.57  642.63  6.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ахметжанов: Ақмола облысы тұрғындарының орташа жалақысы – 333 мың теңге

Қазір орташа айлық 333 мың теңгеге тең

Ахметжанов: Ақмола облысы тұрғындарының орташа жалақысы – 333 мың теңге
Фото: istockphoto.com

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов ОКҚ-да өткен брифингте өңір тұрғындарының әлеуметтік жағдайы жақсартылып келе жатқанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Жұмыс істеймін деген азаматтарға қолайлы жағдай жасалып жатыр. Орташа жалақы 2022 жылы 240 мың теңге болса, қазір 333 мың теңге. Бұл жалғасын табады. Өйткені айтып кеткен жобалар, мысалы, терең өңдеу және т.б. жұмыстар жалақыны көтеруге, кірісті көтеруге оң септігін тигізеді. Ал кіріс көбейсе, халықтың әлеуметтік жағдайы жақсарады», - деді әкім.

Марат Ахметжанов 1-4-сынып оқушылары мен әлеуметтік осал топтан шыққан балалар тегін тамақтанатынын және басқа да әлеуметтік қолдау көрсетілетінін, сондай-ақ кәсіп ашуға төмендетілген несие берілетінін екенін айтты.

Серіктес жаңалықтары