$ 495.28  518.41  5.44
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Ана мультикке барып қыртып жатсыңдар»: Disney-дің қазақша туындысын сынаған Бадықованың басы дауға қалды (ВИДЕО)

Ол қазақшаға дубляждалған мультфиьмнен гөрі өз фильмі жақсы екенін айтқан

«Ана мультикке барып қыртып жатсыңдар»: Disney-дің қазақша туындысын сынаған Бадықованың басы дауға қалды (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Актриса Дариға Бадықова қазақша дубляждалған мультфильмге емес, өзі түскен фильмге баруды насихаттаймын деп, басы дауға қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мен сіздерге айттым, басымды тік көтеріп айтам, кино күшті. Ана бір мультикке қарағанда кино жақсы. Қазір барлығың бір мультфильмге барып, қыртып жатсыңдар ғой. Білмеймін, не үшін барып жатырсыңдар? Голливудқа шапан кигізіп, ақша беріп жатқандарды түсінбеймін. Киноға барыңыздар», - дейді Дариға Бадықова.

Қазір кинотеатрларда актрисаның «Таптым-ау, сені-2» фильмі көрсетіліп жатыр. Сондай-ақ, қазақстандық жұлдыздар дубляж жасаған «Моана-2» мультфильмі де прокатта жүріп жатыр.

Актрисаның бұл сөзінен кейін көпшілік ашуланды.

«Осы сөзі үшін ғана Моанаға барамын. Мультфильм мен киноны салыстыруға келмейді. Моанаға барып, қазақша дубляжды қолдайық. Осы актрписа түсетін бірде-бір фильмге бармаймын. Кино түсіргендерің міндет болды ғой. Мультфильмге барыңыздар», - деп жазған олар.

Еске салсақ, 28 қарашада әлемге танымал «Моана 2» мультфильмінің қазақ тіліндегі нұсқасының тұсаукесері өтті. Disney студиясы түсірген мультфильм Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының ұйымдастыруымен дубляждалды.

 

Серіктес жаңалықтары