$ 525.87  614.37  6.72
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Орталық Азия – Қытай» форматындағы сыртқы істер министрлерінің бесінші кездесуі өтті

Оған Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Қытайдың ведомство басшылары қатысты

«Орталық Азия – Қытай» форматындағы сыртқы істер министрлерінің бесінші кездесуі өтті
Фото: ҚР СІМ

Бүгін Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Қытайдың сыртқы саяси ведомстволарының басшыларын біріктірген «Орталық Азия – Қытай» форматындағы Сыртқы істер министрлерінің бесінші кездесуі өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу басқарды.

Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, іс-шара серіктестікті нығайту, өңірлік және халықаралық маңызы бар негізгі мәселелерді талқылау үшін маңызды алаң болды.

«Кездесуде тараптар саяси диалогты тереңдетуге, экономикалық байланыстарды дамытуға және мәдени-гуманитарлық алмасуларды нығайтуға өз міндеттемелерін растады. Министрлер «Өңірдің тұрақтылығы, қауіпсіздігі және орнықты дамуы» тұжырымдамасы шеңберінде бірлескен жұмысты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті», — делінген министрлің хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары