01.12.2024, 15:48
Жаңалықтар
Павлодар облысында өрт шыққан мейрамханадан 13 газ баллоны шығарылды
Жалын 40 шаршы метр аумақты қамтыған
Фото: ТЖМ
Павлодар облысында жол бойындағы мейрамханада өрт шығып, төтенше жағдайлар қызметкерлері жарылыстың алдын алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
1 желтоқсанда Павлодар–Астана тас жолының бойындағы мейрамхана ғимаратында өрт шыққан. Жалын 40 шаршы метр аумақты қамтыған.
«Жарылыс қаупінің алдын алу мақсатында өрт шыққан ғимараттан әрқайсысы 50 литрлік 13 газ баллоны шығарылды», – деп мәлімдеді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Министрліктің хабарлауынша, өрт санаулы минуттарда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: Оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді