01.12.2024, 10:40
Жаңалықтар
Талдықорғанда бейтаныс әйелге шабуыл жасаған ер адам ұсталды
Шабуыл жасаған күдікті қатты мас болған
Фото: © istockphoto.com
Талдықорғанда әйелге шабуыл жасау оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарап, жұртшылықтың талқысына түсті. Бейнематериалда әйелдің орындықта жылап отырғанын және оны полиция қызметкерлері қоршап алғаны байқалады.
Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған жағдайға қатысты түсініктеме берді. Ведомство мәліметінше, бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталған.
«Шабуыл жасаған күдікті қатты мас болған. Ол ұсталып, медициналық айықтырғышқа орналастырылды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – делінген полиция хабарламасында.
Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді