01.12.2024, 10:09
Жаңалықтар
Түркістан облысында шипажай ғимаратында өрт шықты
Ғимараттан 22 адам өздігінен шығып үлгерген
Фото: ҚР ТЖМ
Түркістан облысында шипажай ғимаратында өрт болды. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Оқиға Сарыағаш ауданына қарасты Көктерек ауылында болған. Үш қабатты шипажай ғимаратының бірінші қабатындағы монша бөлмесінің қаптамасы жанған.
«Өрт сөндіру қызметі оқиға орнына жеткенше, ғимараттан 22 адам өздігінен шығып үлгерді. Төтенше жағдайлар қызметкерлері өртті 6 шаршы метр аумақта сөндірді. Зардап шеккендер жоқ», – делінген хабарламада.
Өрттің себебін анықтау үшін тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді