$ 495.95  524.37  4.98
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

16 жастағы Шерзаттың өлімі: күдіктілердің туыстары мәлімдеме жасады

Олар Шерзаттың жақындары, соның ішінде әкесі Қаржаубай Нұрымов та жауапкершілікке тартылуға тиіс екенін айтты

16 жастағы Шерзаттың өлімі: күдіктілердің туыстары мәлімдеме жасады
Скриншот

Шерзат Полаттың өліміне күдікті ретінде қамауға алынғандардың туыстары мәлімдеме жасап, тек олардың балалары ғана емес, Шерзаттың жақындары, соның ішінде әкесі Қаржаубай Нұрымов та жауапкершілікке тартылуы тиіс екенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әлеуметтік желіде күдіктілердің туыстарының видеомәлімдемесі тарады.

«Халықтан кешірім сұраймыз. Біздің балаларымыз кінәлі. Бірақ Нұрқанат (Шерзаттың ағасы — ред.) пен Қаржаубай (Шерзаттың әкесі — ред.) да жауап беруге тиіс. Біз екі тараптың да әділ түрде сотталғанын қалаймыз. Мылтықты көлік ішінен Нұрқанат алып шығып, жігіттер жаққа оқ атты. Шерзат еш себепсіз бір жігіттің жақ сүйегін сындырды. Олар өздері пышақ пен мылтық алып шыққан, сол себепті жігіттер ашуланды. Қайтадан айтамыз, балаларымыз үшін кешірім сұраймыз. Бірақ оларды ешкім арандатпағанда, бәрі үйлеріне тыныш тарар еді», — деді олар.

Сондай-ақ, жиналғандар Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовтың өртке байланысты жалған мәлімет беруі мүмкін екенін айтты.

«Еркек болса, пышақпен шыққаны үшін жауап берсін. Ал Нұрқанат бұған дейін де оқ атқан. Ол іс жабылған. Қаржаубай мен Нұрқанатты да жауапқа тартсын. Жерден оқ гильзаларын жинап алған әйел де жауапқа тартылуы керек. Ашық әрі әділ сот болсын», – деді күдіктілердің туыстары прокуратура ғимаратының алдында.

Еске сала кетейік, 4 қазанда Талғарда болған төбелес кезінде 16 жастағы Шерзат пышақ жарақатынан қаза тауып, ал екі адам ауыр жарақат алды. Бастапқыда бұл іске байланысты жеті адам қамауға алынды. Кейін 15 қазанда күдіктілер саны онға жетсе, 17 қазанда тағы бір күдікті қамауға алынған еді.

Серіктес жаңалықтары