18.10.2024, 14:39
Қоғам
Шерзат Полаттың ісі: тағы бір күдікті ұсталды
Іске қатысты 11 күдікті қамауда
Фото: видеодан скриншот
Кәмелетке толмаған Шерзат Полаттың өліміне қатысты қылмыстық істі тергеу барысында 17 қазан күні тағы бір күдікті К. есімді азамат ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралар кешені жүргізу жалғасуда. Тергеу барысы Ішкі істер министрінің бақылауында», - деп хабарлайды Алматы облысының полиция департаменті.
Еске салсақ, 4 қазан күні Талғар қаласында болған қайғылы жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырды. 16 жастағы Шерзаттың өліміне қатысты іс Ішкі істер министрінің жеке бақылауында. Кейін марқұмның отбасы тұратын үйді өртеп жіберді.
Көп оқылған
24.11.2026, 14:08
«Жалғыз перзентімен бірге кетті»: Ақтөбе облысында атақты дәрігер мен баласы бір күнде ажал құшқан
25.11.2026, 01:27
Алматыдағы оқиға: Атакенттегі атыс тұрғындардың зәресін ұшырды (ВИДЕО)
24.11.2026, 20:36
Ертістегі қайғылы оқиға: Шығыс Қазақстанда үш балықшы жұқа мұз астына түсіп, қаза тапты
