$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

321 млн теңге жымқырды: Маңғыстауда «Кезби» компаниясының директоры ұсталды

Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады

321 млн теңге жымқырды: Маңғыстауда «Кезби» компаниясының директоры ұсталды
Фото: © istockphoto.com

Маңғыстау облысында «Кезби» ЖШС директоры «ӨзенМұнайГаз» АҚ бөлген 321 млн теңгені жымқырды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Агенттіктің Маңғыстау облысындағы департаменті «Кезби» ЖШС атқарушы директоры Ержан Кезбаевқа аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен қылмыстық іс қозғады.

«Ол «ӨзенМұнайГаз» АҚ қызметкерлерінің жалақысын төлеу үшін бөлінген 321 млн теңгені жымқырды, сондай-ақ шамамен 1,5 млрд теңге көлемінде салық төлеуден жалтарды деген күдікке ілінді», – делінген агенттік хабарламасында.

2021 жылы «Кезби» компаниясы «ӨзенМұнайГаз» АҚ-мен жұмысшыларды сағатына 65 мың теңге мөлшерінде жөндеу жұмыстары бойынша келісімшарт жасасқан. Кейін әлеуметтік пакетті жақсарту, оның ішінде жалақыны көтеру және медициналық көмек көрсету мақсатында ставка 87 мың теңгеге дейін көтерілген.

Алайда тергеу нұсқасы бойынша, осы қаражаттың елеулі бөлігі, атап айтқанда, 321 млн теңгені компания басшысы  жымқырғаны анықталды, ал қызметкерлердің әлеуметтік жағдайлары өзгеріссіз қалған.

«2024 жылдың 3 қарашасында күдікті Кезбаев ұсталды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», — делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары