Президент тапсырмасы бойынша салынып жатқан екі мектептің құрылысынан ақаулар табылды

Azattyq Rýhy

Антикор арнайы хабарлама таратты

Президент тапсырмасы бойынша салынып жатқан екі мектептің құрылысынан ақаулар табылды
Фото: Сыйбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті

Атырау облысының Құрманғазы ауданында салынып жатқан мектептердің құрылысынан шикілік шықты. Бұл туралы облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Антикордың Атырау облысы бойынша департаменті еріктілермен бірлесіп, жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу, сондай-ақ уақтылы және сапалы құрылыс мақсатында тұрақты негізде «жайлы мектеп» жобасының іске асырылу барысына мониторинг жүргізеді.

Еріктілер Құрманғазы ауданының Ақкөл және Құрманғазы ауылдарындағы әрқайсысы 4,2 млрд теңгеге 600 орындық екі мектептің құрылыс барысымен танысты.

«Мониторинг барысында құрылыс материалдарының кешігуіне, сондай-ақ жұмыс күшінің болмауына байланысты құрылыс жүргізілмейтіні анықталды.

Бұдан басқа, тексеру нәтижелері бойынша Құрманғазы ауылының тұрғынының өтініші негізінде монолитті қабырғалар мен тіректер жазықтығының стандарттарға сәйкес келмеуі түріндегі бұзушылықтар анықталды. Нәтижесінде мердігер ұйым мен техникалық қадағалау әкімшілік жауапкершілікке тартылып, анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау туралы нұсқама берілді. Қазіргі уақытта бұзушылықтар жойылды. Сонымен қатар, осы ұйымның көші-қон заңнамасын бұзу фактілері анықталды», – делінген хабарламада.

Бұл бағыттағы жұмыс департамент пен еріктілердің тұрақты бақылауында.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.