28.09.2024, 11:50
Жаңалықтар
«Қазгидромет»: Сегіз қалада ауа сапасы нашарлайды
Синоптиктер болжамы жарияланды
Фото: istockphoto.com
«Қазгидромет» РМК 28 қыркүйекте еліміздің сегіз қаласында қолайсыз метеожағдайлар болатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«2024 жылғы 28 қыркүйекте ауаның ластануынан болатын қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Қостанай, Өскемен, Семей, Риддер, Орал, Ақтөбе, Алматы қалаларында, түнде Атырау қаласында күтіледі», – деп хабарлады синоптиктер.
Қолайсыз метеожағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныштық, жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Ол пайда болған кезде елді мекендерде атмосфералық ауа сапасы нашарлауы мүмкін.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді