Маңғыстау облысындағы оқушылардың жаппай улануы: министр пікір білдірді
Министрдің айтуынша, жағдай Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында

Маңғыстау облысындағы мектептердің бірінде балалар жаппай уланып қалды. Жағдайға қатысты Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Денсаулық сақтау министрі Facebook парақшасында жазғандай, бұл жерге облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының 10 негізгі және екі қосымша бригадасы, сондай-ақ Мұнайлы аудандық орталық ауруханасының IV санаттағы бес шақыруға қызмет көрсету бригадасы жіберілді.
Сонымен қатар, медициналық ұйымдарға облыстық психикалық денсаулық орталығының психологиялық көмек топтары шығарылды.
Балалардың денсаулығына қатысты жағдай Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында.
Айта кетейік, Бесшоқы ауылындағы (бұрынғы Маңғыстау-5) №8 мектепте бірінші ауысымның 1-4 сынып оқушылары мектеп асханасында жаппай уланған.