$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Әскерде жүрген тағы бір сарбаз қайтыс болды

Қайғылы оқиға 7 қыркүйекте болған

Әскерде жүрген тағы бір сарбаз қайтыс болды
Фото: istockphoto.com

Маңғыстау облысындағы полигондағы жиын кезінде жараланған сарбаз ауруханаға жетпей көз жұмды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қайғылы оқиға 7 қыркүйекте Оймаша полигонында «Батыс» өңірлік қолбасшылығы бөлімшелерінің жиындары кезінде болды. Сағат 17:10 шамасында лагерь кезекшісі, гвардия лейтенанты ПМ 9 мм тапаншадан рұқсат етілмеген оқ атып, гвардияның мерзімді қызмет сарбазы, қатардағы жауынгер Марат Ерболұлы Барқұловтың бетіне тиді.

Оқыс жағдайда жараланған сарбаз шұғыл түрде қалалық ауруханаға жеткізілді, бірақ ауруханаға жетпей, жолда, сағат 17:40 шамасында қайтыс болды. Ақтау гарнизонының баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға қару қолдану ережелерін бұзу салдарынан болған.

Оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталып, қылмыстық іс қозғалды. ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы мен жеке құрамы қаза тапқан адамның туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Серіктес жаңалықтары