$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Францияда Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты басталды

Биыл Жазғы Паралимпиада ойындарына 44 қазақстандық спортшы қатысады

Францияда Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты басталды
Фото: ҰОК

Франция төрінде XVII жазғы Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстан құрамасының спортшылары Париж Паралимпиадасына спорттың 9 түрінен 33 лицензия жеңіп алды. Жарыс 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында өтеді.

Жарыстың ашылу салтанатында мемлекеттік туды волейболды отырып ойнау спортынан ұлттық құрама мүшесі Берік Ізмағанбетов пен паранысана көздеуден Севда Әлиева алып шығады.

Айта кетейік, Париж Паралимпиадасына волейболды отырып ойнаудан ұлттық құрама 28 жылдан кейін алғаш рет қатыспақ. Ал пара үстел теннисінен Қазақстан құрамасы биыл алғаш рет Паралимпиада жолдамасын жеңіп алды.

Пара жүзу спортшылары арасында Лондон-2012 Паралимпиада чемпионы Зүлфия Ғабидуллина, Токио Паралимпиадасының қола жүлдегері Нұрдәулет Жұмағали және халықаралық жарыстардың жүлдегерлері Сиязбек Дәлиев пен Амир Мұратбеков бар.

Серіктес жаңалықтары