Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Астанада түнде және таңертең тұман күтіледі
Бүгін еліміздің көптеген аймақтарында ауа райы құбылмалы болады деп күтілуде. Кей жерлерде жаңбыр жаууы ықтимал. Оңтүстік және батыс аймақтарда күн ашық, бірақ түнде суық болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алматы, Алматы облысы
29 тамызда Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші 15-20, екпіні 24-29 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.
Алматы қ.: 29 тамызда солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Жетісу облысы
2024 жылғы 29-30 тамыз аралығында қатты жауын-шашын болжамына байланысты Жетісу облысының тау және тау етегіндегі (Текелі қаласы, Ескелді, Кербулақ, Көксу, Саркан, Алакөл, Панфилов) аудандарында беткейлік ағындының қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін.
Ақмола облысы
Күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 29 тамызда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.
Батыс Қазақстан облысы
Батыс Қазақстан облысының батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Астана
Астана қ.: 29 тамызда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Қызылорда облысы
Түнде Қызылорда облысының шығысында найзағай күтіледі. Жел солтүстіктен соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қ.: 29 тамызда жоғары өрт қауіпі сақталады.
Қарағанды облысы
Қарағанды облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Қарағанды қ.: 29 тамызда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Ұлытау облысы
Ұлытау облысының басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Жезқазған қ.: 29 тамызда жоғары өрт қауіпі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысы
Түнде Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Абай облысы
Абай облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Жамбыл облысы
Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. 29 тамызда түнде облыстың таулы аудандарында найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. 30 тамызда түнде облыстың таулы аудандарында найзағай күтіледі. 29 тамызда солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. 29-30 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Тараз қ.: 29 тамызда күндіз найзағай күтіледі. 29-30 тамызда төтенше өрт қауіпі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысы
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай, күндіз найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с. Петропавл қ.: 29 тамызда найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с.
Жетісу облысы
Түнде Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың таулы аудандарында найзағай, бұршақ. Солтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың солтүстік бөлігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Талдықорған қ.: 29 тамызда күндіз жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Атырау облысы
Атырау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың орталығында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Атырау қ: 29 тамызда төтенше өрт қауіпі сақталады.
Алматы облысы
Таңертең және күндіз Алматы облысы мен Алматы қаласының таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал. Жел солтүстік-батыс бағыттан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 24-29 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде жөғары өрт қауіпі сақталады. Алматы қ.: 29 тамызда күндіз найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыс бағыттан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с. Қонаев қ.: 29 тамызда жел солтүстік-батыс бағыттан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 24-29 м/с.
Қостанай облысы
Таңертең және күндіз Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Маңғыстау облысы
Маңғыстау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. Ақтау қ.: 29 тамызда төтенше өрт қауіпі сақталады.
Павлодар облысы
Түнде Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында тұман, күндіз облыстың солтүстігінде найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Павлодар қ.: 29 тамызда түнде тұман күтіледі.
Ақтөбе облысы
28-30 тамызда Ақтөбе облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.