17.08.2024, 17:25
Жаңалықтар
ІІМ басшысы жол апатынан қаза болған полицейлердің отбасыларына көңіл айтты
Жамбыл облысында жол апатынан екі полицей мен бірнеше жолаушы қаза болды
Фото: Facebook/Ержан Саденов
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Жамбыл облысында жол апаты кезінде қаза болған полицейлердің отбасыларына көңіл айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Жамбыл облысында жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүріп, қызметтік борышын орындау барысында қаза тапқан полиция қызметкерлерінің отбасына және жақындарына қайғыра көңіл айтамын.
Олардың елге сіңірген еңбегі ешқашан ұмытылмайды. Қаза тапқандардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетіледі. Қайғылы оқиғаның мән-жайын тергеу барысы менің жеке бақылауымда», - деп жазды Ержан Сәденов.
Айта кетейік, Жамбыл облысында жол апатынан екі полицей мен бірнеше жолаушы қаза болды.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
12.11.2026, 08:19
«Құлағының бір бөлігін кесіп тастаған»: ШҚО тұрғыны бұрынғы күйеуіне шыққан сот үкіміне наразы