17.08.2024, 17:42
Жаңалықтар
Алматыда кафе қызметкерінің қолын ет тартқыш турап тастады (видео)
Құтқарушылар электромеханикалық құрылғылармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы еске салды
Алматы қаласының Қалқаман шағын ауданындағы кафеде 1999 жылы туған жұмысшының қолын ет тарқыш тартып кетті. Бұл туралы Azattyq Rýhy ҚР ТЖМ РЖҚЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомство мәліметінше, жедел топтың келуімен ер азаматты жедел жәрдем тобы алып кеткені белгілі болды. ҚР ТЖМ РЖҚЖ құтқарушылары зардап шегушінің қолын ауруханада алып шығарды.
Құтқарушылар электромеханикалық құрылғылармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы еске салды. Олар:
- Құрылғының дұрыс орнатылғанына және дұрыс жұмыс істейтініне көз жеткізіңіз.
- Пайдалану нұсқаулығы бойынша қолданыңыз.
- Қорғаныс құралдарын киіңіз.
- Құрғақ жағдайда жұмыс істеңіз.
- Жұмыс аймағын таза ұстаңыз.
- Ақаулар болған кезде дереу өшіріңіз.
- Бөлшектеу немесе тазалау алдында қуатты өшіріңіз, кесу элементтерін тазалау үшін щетканы пайдаланыңыз.
Көп оқылған
12.10.2026, 09:31
Алматыда еңгезердей төрт еркек 60-тан асқан ер адамды өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО)
12.10.2026, 10:53
Елді елең еткізген: Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың некесі, Қайрат Нұртастың концертіндегі былық
13.10.2026, 10:37
Зорлап, видеоға түсірген: Түркістанда ер адам қарындасын 12 адаммен қатынасқа түсуге мәжбүрлеген (ВИДЕО)
12.10.2026, 06:29
Тұрғындардың ақшасын тәттілер мен барға жұмсаған: ПИК төрағасына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
12.10.2026, 16:45
Павлодардағы моншалардың бірінде сыраға масайған әйел жас қызметкерді соққыға жықты
12.10.2026, 11:59
Қазақстанда алдағы үш күнде қар аралас жаңбыр жауады