$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Оқыған Құранымыз қабыл болсын!»: тележүргізуші Анна Данченко әкесі туралы айтты

Тележүргізуші өз сөзінде қызын өз қолымен ұзататын әкелерге қатты қызығатынын айтты

«Оқыған Құранымыз қабыл болсын!»: тележүргізуші Анна Данченко әкесі туралы айтты
Фото: Instagram/ann_2905

Танымал тележүргізуші Анна Данченко Instagram парақшасында өмірден өтіп кеткен марқұм әкесі туралы айтып, ішіндегі сырын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тележүргізуші өз сөзінде қызын өз қолымен ұзататын әкелерге қатты қызығатынын, ал өзінің әкесіз өмірі қиындап кеткенін айтты.

«Әкемсіз өткен екі жыл. 15 тамызды жақсы көрмеймін. Бүгін үйде болдым. Әкесіз қандай қиын? Орны бөлек. Әкем туралы сөйлесіп отыр едік, жаңбыр жауып кетті. Ол бізді естіді. Оқыған Құранымыз қабыл болсын! Жаны жәннатта болуын тілейміз. Қыз ұзатып жатқан әкелерге қатты қызығамын. Папам менің қуанышымды көрмей кетті. Анамның өмір жасы ұзақ болып, менің балаларымды бағу бақыты бұйырсын! Қатты сағындым», – дейді Анна.

Серіктес жаңалықтары