$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жамбыл облысында жол апатынан екі полицей мен бірнеше жолаушы қаза болды

Полицейлердің бірі 11 баласы бар көпбалалы әке болатын

Жамбыл облысында жол апатынан екі полицей мен бірнеше жолаушы қаза болды
Фото: t.me/Kris_p

Мерке-Шу-Бурылбайтал тасжолында болған жол апатынан алты адам, оның ішінде екі патруль қызметкері қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жол-көлік оқиғасы туралы ақпарат және қайғылы оқиға орнынан кадрлар әлеуметтік желіде жарияланды. Көліктер Мерке-Шу-Бурылбайтал тасжолында соқтығысқаны хабарланды.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі апат 17 тамызда сағат 01:00 шамасында, Мерке-Шу - Бурылбайтал Республикалық маңызы бар автожолының 40-шақырымында болғанын хабарлады.

«Toyota Alphard көлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып, Skoda Octavia патрульдік полициясының көлігімен соқтығысқан. Салдарынан қызметтік көлікте болған және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ететін трассада патрульдеу жүргізген екі патрульдік полиция оқиға орнында қаза тапты. Қаза болған полиция қызметкерлерінің бірі 11 бала тәрбиелеп отырған көп балалы әке болатын. Toyota Alphard көлігінде 8 жолаушы болған. Олардың төртеуі сол жерде қайтыс болды, ал жүргізуші үш жолаушымен бірге әртүрлі дәрежедегі жарақатпен орталық аудандық ауруханаға жатқызылды», - деп хабарлады полиция.

Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі «өлімге әкеп соқтырған жол қозғалысы ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу шаралары жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары