$ 547.57  642.63  6.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада такси жүргізушісі жолаушының көзінше мастурбация жасаған

Қазір оның үстінен іс қозғалды

Астанада такси жүргізушісі жолаушының көзінше мастурбация жасаған
Фото: Видеодан скрин

Астанада такси жүргізушісі жолаушының көзінде рульде отырып, мастурбациямен айналысқан,. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Astanovka98 Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жолаушы болған оқиғаны видеоға түсіріп, желіге жариялаған. Жолаушының айтуынша, көлікке отырғаннан кейін 5-10 минуттан соң ғана жағдайды байқаған. Жүргізуші ара-арасында айна арқылы артына көз тастап отырған. Көлік кептелісінде немесе бағдаршамға тоқтаған сайын мастурбациямен айналысқан.

Жолаушы қорыққанынан жүргізушімен сөйлеспеуге тырысқан. Ал болған жағдай туралы Яндекс Go қолдау қызметіне хабарлаған. Қолдау қызметі жауап ретінде бұл жүргізуші енді желіге шығып, жолаушылар тасымалдай алмайтынын айтты. Ал қызмет көрсету ережелеріне сәйкес жұмсалған ақшаны қайтару мүмкін емес.

Елорданың полиция департаменті такси жүргізушісіне «ұсақ бұзақылық» бабы бойынша іс қозғалғанын хабарлады. Ер адам істі сотта қарағанға дейін уақытша ұстау изоляторына орналастырылды.

Серіктес жаңалықтары