«Құдай әркімнің жүрегінде»: Баян Мақсатқызы әнші Ұланғасыр Қамиге ескерту жасады

Azattyq Rýhy

Осыған дейін әншінің үстінен діни алауыздық тудырды деген айыппен іс қозғалған

«Құдай әркімнің жүрегінде»: Баян Мақсатқызы әнші Ұланғасыр Қамиге ескерту жасады
Фото: Instagram/bayanmaxatkyzy

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы әнші Ұланғасыр Қамиге діни алауыздық тудырғаны үшін ескерту жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Баян Мақсатқызының айтуынша, Құдай әркімнің жүрегінде болуы керек.

«Ел алдында жүрген әрбір адам әр сөзін ойланып айтуы керек. Дінге қатысты көзқарастарыңды өздеріңде ұстаңдар. Құдай әркімнің жүрегінде, сөздеріңде, киімдеріңде емес. Меккеге барып, құлшылық етіп, фото саласыңдар. Кейін іш киімммен, мас күйде жүргендеріңді көрсетесіңдер. Мұндай оқиға бірінші рет болып тұрған жоқ», – деп жазды продюсер.

Айта кетейік, осыған дейін әнші Ұланғасыр Қами Күйеуі әйелін өлтіріп қойды дегеннің барлығы хиджаб кимеуден басталатынын айтқан болатын.

Осыдан кейін Қостанай тұрғыны Саида Сисембаева ІІМ-ге әншінің үстінен арыз түсірген болатын.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.