$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Күйеуі хиджаб кимеген әйелді өлтіреді»: Ұланғасыр Қамиев осы сөздерінен кейін сынның астында қалды

Қазір қоғам белсенділері әншінің сөзін қатты талқылап жатыр 

«Күйеуі хиджаб кимеген әйелді өлтіреді»: Ұланғасыр Қамиев осы сөздерінен кейін сынның астында қалды
Фото: видеодан скриншот

Әнші Ұланғасыр Қамиев әлеуметтік желіде хиджаб кимеген әйелдерді күйеулері өлтіреді деген мәлімдемесінен кейін сынның астында қалды , деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Күйеуі әйелін өлтіріп қойды дегеннің барлығы - хиджаб кимеуден басталады. Ұстаздар бұны баяғыдан айтып келе жатыр. Әйелі санын жалтыратып көшеге шығады, одан кейін оған басқалары қызығады, оны күйеуі естіп, барып өлтіреді», - дейді әнші.

Ол «хиджаб арабтардікі, неге адасасыңдар?» деген сұраққа жауап бере келе нағыз мұсылман әйел басын кесіп алса да бұл киімнен бас тартпайды дегенді меңзеген.

«Шешпейді. Басын кесіп алса да, шешпейді. Шын түсініп киген әйел шешпейді», - дейді Ұланғасыр Қамиев.

Әнші сондай-ақ болашақта өзінің әйеліне хиджаб киюді міндеттеймін деп отыр. 

«Басқасында жұмысым  жоқ. Кидіре ме, шешіндіріп ала ма, өздері біледі. Өзімнің әйеліме кигіземін. Оған көнетін әйелді аламын, көнбесе, алмаймын», - дейді Ұланғасыр Қамиев.

Қазір қоғам әншінің бұл мәлімдемесін қатты сынап жатыр. Мәселен, заңгер, феминистр Әйгерім Құсайынқызы әншіні «аузын ашса, ақымақ екені көрінеді» деп сынаған. 

 

Серіктес жаңалықтары