Өзбекстанда AUEZOV UNIVERSITY филиалы өз жұмысын бастады

Молдатай Сымбат

Қазіргі уақытта оған 200-ге жуық өтінім түсті

Өзбекстанда AUEZOV UNIVERSITY филиалы өз жұмысын бастады
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Шыршықтағы AUEZOV UNIVERSITY филиалы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарлауынша, 18 білім беру бағдарламасы бойынша Бостандық, Қыбрай, Жоғары Шыршық аудандарының талапкерлері құжаттарын тапсыруда.

Қазіргі уақытта М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Шыршық қаласындағы филиалының қабылдау комиссиясы өз жұмысын бастады. Филиал директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Дария Қожамжарованың айтуынша, бүгінгі күнге дейін 200-ге жуық өтінім түскен.

Еске салайық, Өзбекстан президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында  М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Шыршық қаласындағы филиалының және «Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институты» Ұлттық зерттеу университетінің Алматы қаласындағы филиалының ресми ашылу салтанаты өтті.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.