«Ақжол Махмұдов – менің «роднойым»: Демеу Жадыраев қырғыз балуаны туралы пікірін айтты

Azattyq Rýhy

Жадыраев Парижде Махмұдовқа қолдау көрсеткен

«Ақжол Махмұдов – менің «роднойым»: Демеу Жадыраев қырғыз балуаны туралы пікірін айтты
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Грек-рим күресінен Қазақстан командасының мүшесі, Праиж Олимпиадасының күміс медаль иегері Демеу Жадыраев Қырғызстан балуаны Ақжол Махмұдовпен достығы туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Париж Олимпиадасының ширек финалында Жадыраев әйгілі қырғыз балуаны, екі дүркін әлем чемпионы Ақжол Махмұдовты тізе бүктіріп, финалдың нәтижесі бойынша қазақстандық спортшы күміс, Махмұдов қола иеленген болатын.

Марапаттау рәсімінде екі спортшының бір-бірін ерекше қолдап, бірге суретке түскен сәттері жанкүйерлерді сүйсіндірген еді.

«Ақжол Махмұдов менің бауырым, менің «роднойым». Бір-Бірімзге сәттілік тіледік. Күресетін кезде де мүмкін ағасымен күресіп жатқандықтан да, дұрыс күресе алмаған шығар деп ойлаймын. Өзі де маған солай деп айтты. «Финалға шық» деп маған сәттілік тіледі. Мен де оған «босама» деп айттым. Өзімнен бұрын Ақжолды көбірек уайымдадым», - деді палуан.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.